Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы қалай жүзеге асып жатыр?

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстан халқына жолдауында білім беру жүйесін дамытумен қатар ұрпақ тәрбиесінде жетекші орын алатын мұғалімдерді қолдау мәселесіне жіті көңіл бөлу қажеттігін айтқан. Осы ретте Үкіметке ел өңірлеріндегі апатты мектептер мен үш аусымды оқу мәселесін шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тыңғылықты түрде жүзеге асыруды тапсырды.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Бұдан соң көп ұзамай елімізде мектептердің құрылысы қарқынды түрде басталып кетті. Аталмыш жоба аясында салынатын мектептер түрлі оқу кабинеттері, спорт залдар және соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуға тиіс. Талапқа сай орта және бастауыш сыныптар жеке асханалары мен жуынатын бөлмелері бар бөлек блоктарда оқытылу керек.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 1760 білім беру ұйымы жұмыс істеп жатса, оның ішіндегі 429 нысан мемлекеттік мектеп санатына енеді. Жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 15 570 оқушыға арналған 16 мектептің құрылысы жанданып отыр.

Сондай-ақ, облыстағы Еңбекшіқазақ ауданында 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланған.

Жоспар бойынша:

2023-2024 жылдарға 4 мектеп:

Ащысай ауылы 600 орын, Алмалы ауылы 600 орын, Сатай ауылы 900 орын,  Қаражота ауылы 300 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Тапсырыс беруші «СамұрықҚазына» АҚ.

2024- 2025 жылдарға 6 мектеп:

Бәйдібек би ауылы 900 орын, Қорам ауылы 900 орын, Түрген ауылы 1200 орын, Тескенсу ауылы 900 орын, Қайназар ауылы 900 орын, Бәйтерек ауылы 1200 орын.

10 мектептің жер учаскелері «СамұрықҚазына» АҚ-на рәсімделіп берілді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарТүркістан облысыШенеунік

Соңғы жаңалықтар

Попытку продажи ртути на 100 млн тенге пресекли в Алматинской области

Николай Иващенко
12.04.2026

Трое детей погибли при пожаре в Астане, женщина в тяжёлом состоянии

Николай Иващенко
12.04.2026

Оправданные ранее закладчики приговорены к реальным срокам в Алматинской области

Николай Иващенко
12.04.2026

Касым-Жомарт Токаев поздравил православных казахстанцев с праздником Пасхи

Николай Иващенко
12.04.2026

30 тысяч жителей Алматинской области вышли на масштабный субботник

Николай Иващенко
11.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz