Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында заңсыз балық аулау тыйылмай тұр

Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы 5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Ринат Маратұлының айтуынша, инспекцияның қарамағына Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және оның атыраулары, Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл көлдері кіреді.

Аталмыш акция барысында белгіленген уақыт аралығында балық аулауға тыйым салынады:

— Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 25 наурыз- 5 шілде аралығында;
— Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне Аралтөбе ауылы дейін 5 сәуір мен 5 маусым күндері;
— Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғанда;
— Іле өзенінің барлық аумағында 15 сәуірден 1 маусым аралығында балық аулауға болмайды.
Инспекция басшысының орынбарасы Ринат Маратұлының баяндауынша,биылғы жылы браконьерліктің алдын алу және болдырмау үшін құқық қорғау органдарымен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде.

Уылдырық шашу науқаны аясында, мамандар, су айдындарында кез келген балық аулау құралдары мен катерлерде, моторлы қайықтарда және уылдырық шашатын жерлерде қозғалтқыштары қосылған басқа да жүзу құралдары болмауын қадағалайды. Заңға бағынбаған тұлғалар анықталған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

«Уылдырық шашып көбею мезгілінде балық аулауға қатаң түрде тыйым салынады. Алайда тұрғындар ескертуге мән бермей, заңбұзушылық әрекеттерге жол беруде. Дәлірек айтсақ, «Уылдырық шашу» акциясы барысында, табиғат қорғау заңнамасын 86 адам бұзып, 60-қа тарта балық аулау құралдары, 3 қайық және 1 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді», — дейді Ринат Маратұлы.

Уылдырық шашу мерзімінде заң бұзған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабына сәйкес, 10 – 20 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалап, балық аулаға қажетті құралдары тәркiленеді.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, уылдырық шашу мерзімінде балық аулағаны үшін, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектетеледі.

Тегтер: Алматы облысызаңсыз

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz