Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында тас жолда қауіпті маневр жасаған жастар жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында жол үстінде қауіпті маневр жасап, өзге жүргізушілерге кедергі келтірген үш азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2025
Алматы облысы

Желіде тараған бейнежазбада екі көліктің тас жолдың ортасында айнала жүріп, өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтіргені және олардың жанында ат мінген адамның ту ұстап жүргені көрінеді. Бұл әрекет жол қозғалысының қауіпсіздігін бұзып, көлік кептелісін тудырған.

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы тұлғаларды анықтап, оларды аудандық бөлімшеге жеткізді. Тексеру барысында құқық бұзушылардың Қарасай ауданының тұрғындары екені анықталды. Олардың туған жылдары – 1999, 2003 және 2007.

«Аталған азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 7-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілер көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң талаптары мен өз әрекеттерінің салдары туралы түсіндірді», — делінген ресми хабарламада.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің тек құқық бұзушылардың ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертті.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz