Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында ауыл тұрғындары сібір жарасын жұқтырудан қорқады

Алматы облысында ауыл тұрғындары сібір жарасын жұқтырып алудан қорқып отыр. Себебі, сібір жарасының 80-нен аса ошағы табылды, деп хабарлайды alataunews.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
30.01.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Телеарна мәліметінше, Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде сібір жарасынан өлген мал көмілген жер маңында 75 орындық балабақша, тұрғын үйлер орналасқан.

Ауыл тұрғындары Алматы облысында  87 осындай қорым барын, оларға ауру жануарлар немесе басқа инфекция тасымалдаушылар өлексесі көмілетінін, олардың кез келгені инфекция көзі бола алатынын, сондықтан оларды елді мекендерден алыстату керек екенін талап етіп отыр.

«Әне, балалар жүр, қараңыздар. Дәл осы жерде жүрген балаларды талай рет көрдім. Олардың инфекция жұқтырмайтынына, жаппай тарамайтынына кепілдік қайда? Балалар біздің болашағымыз. Жақын жерде балабақша да бар. Санитарлық шаралар бұзылған, арақашықтық 1000 метр болуы керек, ол жоқ», — деп ашуланды ауыл тұрғыны Жадыра Жаңабаева.

Сібір жарасының бактериялары, сарапшылар пікірінше, адамдар мен жануарлар денсаулығына қауіп төндіре отырып, ондаған жыл бойы өмір сүре алады. Ауыл тұрғындары мұндай қауіпті дерттің ошағы неге дәл осы ауылдың ортасында орналасқанын түсінбейді.

«Бұл жерде бұрын сібір жарасына шалдыққан адамның жеке заттары мен керек-жарақтары сақталған қойма болған. Тиісінше, барлық зат өртеліп, дезинфекцияланып, осында көмілген. Ережеге сәйкес іс-қимыл тәртібі осындай», — деп түсіндірді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев.

Жергілікті билік аурудың ықтимал ошағын жою мүмкін емес екенін айтты. Өйткені жұқтыру қаупі бар. Жерде де сібір жарасы 50 жылдан аса сақталуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыаурушағы

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz