Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында 50-ден аса қылмыс әшкереленді

10-20 мамыр аралығында Алматы облысында «Құқық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарма басшысы полиция подполковнигі Мұрат Қалиасқаров жүргізілген тексеріс бойынша толықтай баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Спикердің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқықбұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзғандарды анықтау.

«Жедел алдын алу шарасы он күн бойы өткізіліп, облыстық полиция күшейтілген режимда жұмыс істейді. Мәселен,профилактикалық аптаға 700-800 полиция қызметкері жұмылдырылады. Бұл тексеріс жұмыстары өз кезегінде жалғасын тауып, екінші кезең маусым айының бірінші он күндігіне жоспарланған.
«Тексереріс барысында бұрын жасалған санатқа кіретін 50 қылмыс ашылды. Олардың арасында бір кісі өлтіру бар. Полиция қызметкерлерінің күшімен іздеуде жүрген 14 қылмыскер мен 16 заңсыз иммигрант ұсталды. Сонымен қатар, есірткі сақтады деген күдікпен 10 адам ұсталды, ал 12 адам суық қаруды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін жауапқа тартылды», — деді Мұрат Қалиасқаров.

Операция қорытындысы бойынша полицейлер профилактикалық есепте тұрған 6184 адамды тексерді, оның 54-і құқықбұзушылық үшін ұсталды. Облыс аумағында 10 мыңнан астам адам әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тіркелді. Атап айтсақ, 673 тұлға алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде бару, 57 жүргізуші көлік құралын мас күйде басқарғанына және 328 тұлға ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жазаға тартылған.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Пожарные предотвратили взрыв при тушении пожара в Алматинской области

Николай Иващенко
11.04.2026

Двух подозреваемых задержали за принуждение 15-летней школьницы к сексу в Алматинской области

Николай Иващенко
11.04.2026

Касым-Жомарт Токаев поздравил Дональда Трампа с успешным выполнением миссии «Артемида-2»

Николай Иващенко
11.04.2026

В Алматинской области расширяют экологические инициативы

Николай Иващенко
11.04.2026

Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций»

Николай Иващенко
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz