Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

Бұл жөнінде экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Нұржан Исмагулов баспасөз мәслихатында баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Нұржан Исмагуловтың айтуынша, экономикалық қылмыстардың ерекшелігі мен көлеміне қарамастан, тіркелген оқиғалардың 80 пайыздан астамы электронды форматта.Тергеу жұмыстарының нәтижесінде,жүк көліктерін контрабандалық жолмен әкелу схемасы анықталды, 50-ден астам жүк көліктері жалған құжат негізінде тіркеліп, 180 млн теңге сомасында төленбеген кедендік төлемдер түрінде залал келтірген. Жалғастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жүйеге бұрмаланған мәліметтерді қасақана енгізілгені әшкереледі.

«Заңсыз ойын бизнесі, қаржылық пирамидалар, әлеуметтік желідегі алдап-арбау. Осындай көлеңкелі істе оңай олжаға кенелеміз деп опық жегендер азаяр емес. Заңсыз бизнестің құрбанына айналғандардан басқалар сабақ алмай келеді», — дейді Нұржан Исмагулов.

Мәселен, шыққанына ұзақ жылдар өтсе де түрлі қаржы пирамидасына барын беріп, далада қалғандар да қатары да аз емес. Мысалы, пайызсыз несие береміз деген желеумен, 3 мыңға жуық инвесторды тартып, оларға 1,5 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген «Елімай-2019» қаржы пирамидасы. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пирамида ұйымдастырушылары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бөлек, казино сайты бұғатталып, ұйымдастырушыларға іздеу жарияланды. Нәтижесінде 1,5 млрд теңгенің мүлкі мен қаражаты, қымбат көліктер тәркіленді. Жалпы, соңғы уақытта 50-ге жуық заңсыз ойын орындары мен сауда нүктелері жойылды, 200-ден астам ойын терминалдары мен покер үстелдері заңсыз айналымнан алынды, екі мыңнан астам онлайн ойын алаңдары бұғатталды. Мемлекетке төленбеген салық түріндегі 7 миллиард теңгеден астам залал келтірген жалған шот-фактуралар жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілі фактілері туралы қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына – 1458 немесе “АФМ Insider” телеграмм боты арқылы хабарласаңыз болады

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz