Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысы Назым Қызайбай мен Демеу Жадыраевқа үш бөлмелі пәтер берді

Алматы облысында Париждегі Олимпиада ойындарынан оралған спортшыларды жылы қабылдап құрмет көрсетілді. Олимпиадаға қатысушыларды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, облыс кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Өңірдегі спортты дамытуға қосқан үлестері үшін демеушілерге: «ELIT STROY Group» құрылыс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Бекзат Сармонов пен «Каз Строй Монолит» компаниясының коммерциялық директоры Әлімжан Сәрсенбаевқа, «КаzSМU» компаниясына ерекше алғыс білдірілді.

Спортшыларды Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Талғат Біләлдин де құттықтады.

«Аймақ кәсіпкерлері халықаралық жарыстарда туған өңірінің намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қолдауға әрқашан дайын», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Олимпиадаға қатысушылардың жалпы жүлде қоры 24 миллион теңгені және 4 пәтерді құрады.

«Біз сіздермен мақтанамыз, сіздердің медальдарыңыз – бұл жай ғана спорттық жүлделер емес, олар – батылдықтың, қайсарлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі. Бұқаралық спортты дамыту және чемпиондарымызды қолдау үшін,  алдағы уақытта да спортшыларымызға жаңа жарқын жеңістерге жету үшін біз барлық жағдайды жасайтын боламыз!», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс басшысы Алматы облысының барша кәсіпкерлері атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.  Қола жүлдегер Назым Қызайбайға да облыс басшысының қолынан бизнес қауымдастығының сыйлықтары: 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Спортшылардың жаттықтырушылары да марапатсыз қалмады: Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратов өңірлік кәсіпкерлерден 2 миллион теңгенің сертификаты мен екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушыларға кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификаттарын табыс етті.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области за год открыли 44 новых медицинских объекта

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz