Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2024
Аймақ, Алматы облысы

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 7 қазан күні Алматы мен Жетісу облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады деп болжануда. Оңтүстік аудандар мен тау етегінде найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік бөлігінде 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, 7-13 қазан аралығында облыстың солтүстік және батыс аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында да найзағай күтіледі. 7-9 қазан аралығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. 8-9 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында төтенше, ал оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді, әсіресе батыс және солтүстік аймақтарда. Облыс аумағының көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының аумағында да жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен соғып, күндіз батыс және оңтүстік аймақтарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік аймақтарда жоғары, ал облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының көп бөлігінде төтенше өрт қаупі бар, шығыс аймақтарда жоғары өрт қаупі болжанған.

Қарағанды облысында да өрт қаупі жоғары. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз солтүстік және шығыс аймақтарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. 7 қазанда облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында найзағай күтілуде. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың көп бөлігінде жоғары өрт қаупі бар, ал оңтүстік аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, солтүстік және шығыс аймақтарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде жоғары, ал батыс аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында да төтенше өрт қаупі сақталады, ал Шымкентте де өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай облысының батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары, ал оңтүстік аймақтарда төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталса, солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Облыстың шығысы мен орталығында күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 7-13 қазан аралығында облыстың солтүстік, батыс және орталық бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz