Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы жылыту маусымына 90 пайыз дайын

Алматы облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірдің дайындық деңгейі 90 пайызға жетті. Жөндеу және жаңарту жұмыстары 1 қазанға дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz «24KZ» арнасына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биыл облыста 30 қазандық жөндеуден өтуде. Бүгінгі күнге дейін олардың 28-і қалпына келтірілді. Қалған екі қазандық қыркүйек айының соңына дейін толық іске қосылады. Сонымен қатар 2 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылып, айдың соңына дейін тағы 500 метр желіні ауыстыру жоспарланған.

Жылыту маусымына дайындық аясында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында 15 блокты-модульді қазандықтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл нысандар көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерді тұрақты жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Жаңа жобалар қолға алынуда

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бөлім басшысы Ержан Әділеттің айтуынша, орталықтандырылған жылумен қамту көрсеткішін арттыру бағытында бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

«Қазіргі таңда 25 блокты-модульді қазандық салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл қазандықтар 150 көпқабатты тұрғын үйді қамтиды. Бүгінде облыста орталықтандырылған жылумен қамту деңгейі 68 пайызды құрайды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 75–80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Мақсат – тұрақты әрі сапалы жылумен қамту

Өңірде атқарылып жатқан бұл жұмыстардың барлығы тұрғындарды қыс мезгілінде үздіксіз және сапалы жылумен қамтуға бағытталған. Жаңа қазандықтардың іске қосылуы және жылу желілерінің жаңартылуы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесін айтарлықтай жақсартпақ.

Алматы облысы әкімдігі жылыту маусымын ойдағыдай өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz