Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданының тұрғындары медицина қызметіне шағымданды

Алматы облысы Жамбыл ауданында 175 500 адам тұрады. Аудан орталығы Ұзынағашта медициналық қызмет көрсететін екі мекеме бар.

21.10.2022
Аймақ

«Кеше қызымды неврапотологқа қарату үшін емханаға келдім. Регистратураға «бүгін жоқ ертең келіңіз» деді. Бүгін келсем больничныйға шығып кетіпті. Регистратураға неге айтпадыңыздар кеше десем, «ауырып қалатынын білмедік» дейді. Ал қызым сабақтан қалды. Жалпы дәрігерлер дұрыс қабылдамайды», — дейді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Бағиза Қалиолла.

Фото: Айдана Дайырова

Тұрғындар медицина мекемесінің жылдар бойғы жыры осы дейді.

«Өмір бойы осы проблема. Міне қаншама адам отырмыз. Басқа жаққа барсаң ондай проблема жоқ. Кезегі былай тұрсын дұрыс жауап бермейді. Біресе анда, біресе мында жұмсайды», — дейді Гүлнар Нұржанова.

Фото: Айдана Дайырова

Ауыл тұрғындары дәрігерлер дұрыс емдемейді деп те шағымданды. Ауылда 87 дәрігер қызмет көрсетеді. Тәжірибелі 1 дәрігердің жүктемесі 1770 адам. Демек, кадр бойынша да анау дейтін проблема жоқ. Аудандық аурухана мен емхананың бас дәрігері Дамир Сұраужанов мамандарда да, қызметте де еш мәселе жоқ дегенді айтады.

Фото: Айдана Дайырова

«Емделушілер тарапынан дәрігерлердің қызметі мен пациенттердің диагнозын анықтау бойынша шағым түскен жоқ. Пациенттің денсаулығына қатысты қорытынды клиникалық диагнозды аудандық аурухана дәрігерлері жасалған келісім шарт негізінде облыстық аурухана дәрігерлерімен (эпилептолог, пульмонолог, оториноларинголог, ангиохирург, кардиолог, аллерголог, невропатолог, ревматолог, офтальмолог, нейрохирург, уролог, генетик, нефролог, гастроэнтеролог, гематолог) кеңесе отырып анықтайды», — дейді Ұзынағаш ауылының бас дәрігері Дамир Сұраужанов.

Оның айтуынша, дәрігерлері үнемі біліктіліктерін арттыру үшін тренингтерге қатысып тұрады. Ауруханада пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі де бар көрінеді. Ал әлеуметтік желілердегі тұрғындар наразылығы туралы хабарсызбыз, дейді дәрігерлер.

Тегтер: Ұзынағаш

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz