Қарттар күні қарт адамның қоғамдық өмірдегі маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуге бағытталған. Біздің елімізде бұл күн мерекелер тізіміне енгізілген.
Бұл күннің мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, аға ұрпаққа құрмет, мейірімділік, қамқорлық көрсетудің маңыздылығына тоқталу.
Қазан айының бірінші күні – қарттар күні тойланады. Бұл мереке біздің қоғамда үлкен өмір жолынан өткен, адал еңбегімен және еліміздің өндірістік, ғылыми және мәдени әлеуетін құруға белсене қатысқаны үшін жалпыадамзаттық құрметке ие болған адамдарды құрметтеу күні ретінде кеңінен танылды. Осыған орай, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы 82 жастағы қала тұрғыны Вера Дмитриевна Аминоваға барып, азық-түлік себетін сыйға тартты.
Сондай-ақ, қарттар күнін мерекелеуге орай Талғар ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Е.Тергеусізов, Алматы облысы Төтенше жағдайлар ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Қабыловпен бірлесіп, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің ардагері ПЧ-15 Бедарев Павел Константиновичке алғыс хат пен сыйлық табыстап, құттықтады. Зейнеткер көрсетілген ілтипат пен көңіл үшін шынайы алғысын білдірді.
Қарттар күнін мерекелеу аясында Іле ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Азаматтық қорғаныс зейнеткерлері кеңесінің төрағасы Сидарчук Галина Николаевнамен бірге ардагерлер Сидарчук Мария Андреевна мен Чечет Владимир Михайловичке қонаққа барып, алғыс хат пен ардагерлер кеңесінің атынан ақшалай сыйлық табыс етті.
Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Мират Өтегенұлы Қабылов және Сидарчук Галина Николаевнамен бірге ардагерлер Кибалин Герман Петрович пен Марченко Виктор Даниловичке алғыс хат пен арнайы сыйлығын табыстады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен барлық жеке құрамы Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері мен аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасында тыныштық тілейді!





