Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы туристік бағыт ретінде жаңа деңгейге көтерілді

Алматы облысында туризм әлеуеті қарқынды дамып келеді. Бұған облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен ақпараттық тур барысында БАҚ өкілдері куә болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.01.2026
Аймақ

Ақпараттық тур барысында қатысушылар өңірдің негізгі туристік нысандарын аралап, Қонаев қаласындағы ASP Arena көпфункционалды кешенінің, «Көшпенділер қалашығы» этномәдени орталығының және Шонжы өңіріндегі демалыс аймақтарының инфрақұрылымымен танысты.

Турдың алғашқы бағыты Қонаев қаласында орналасқан халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларға арналған ASP Arena кешенінен басталды. ASP Club арт-директорының айтуынша, кешен аумағында қонақүй, мейрамхана, картинг, такси қызметі, киберзона және түрлі демалыс алаңдары бар. Қазіргі таңда мұнда Орталық Азиядағы ең ірі мұз айдыны салынып жатыр.

«Жоба заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Бір сеанс кезінде шамамен 40 мыңға дейін келушіні қабылдай аламыз. Компанияның меншігінде әртүрлі өлшемдегі 5 мың жұп жаңа коньки бар», – дейді арт-директор Наталья.

Келесі маңызды бағыт – 2004 жылы салынған «Көшпенділер қалашығы» тарихи-этномәдени кешені болды. Бұл нысанда «Мың бала», «Көшпенділер», «Томирис» сынды танымал фильмдер түсірілген. Алматы облысы туризм басқармасының өкілі Фариза Серікбайқызының айтуынша, бүгінде бұл аумақ біртіндеп туристік орталыққа айналып келеді.

«Облыс әкімдігінің қолдауымен кешенге апаратын жаңа жол салынды, жарықтандыру жүйесі жүргізілді. Туристерді көбірек тарту үшін алдағы уақытта нысан толық жөндеуден өтеді», – деді ол. Оның айтуынша, локация этнотуризм, кинотуризм және мәдени туризм бағыттары бойынша жоғары әлеуетке ие. «Көшпенділер қаласы» Іле өзенінің бойында орналасқан және болашақта толыққанды туристік кешенге айналмақ. Қазіргі таңда нысан жеке меншік иесінің қарауында, ал реконструкция жұмыстары жеке кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асады. Түсірілімдер арнайы рұқсат арқылы жүргізіледі», – деп толықтырды ол.

Ақпараттық тур аясында қатысушылар Шонжы өңіріндегі сауықтыру-туризм кластерінің жұмысымен де танысты. Бұл бағыт термалды бұлақтарға негізделген демалыс және wellness-туризм нысандарымен ерекшеленеді. Соның бірі – All Seasons демалыс кешені. Мұнда жыл сайын 30–35 мыңға дейін турист қабылданады, ал қонақүй нөмірлерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Кешенде демалыс пен сауықтыруға арналған инфрақұрылым толық жолға қойылған.

Сонымен қатар қатысушылар ECO Park демалыс аймағының қызметімен танысты. Кешен бір күнде 200-ге дейін турист қабылдай алады. Мұнда да қонақүй бағасы 50 мың теңгеден басталады, сондай-ақ үш мейрамхана, spa-аймақтар мен массаж қызметі бар. Орталық басшылығының айтуынша, биыл қонақүйде сумен жабдықтау жүйесі мен техникалық құралдарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір бөлмелер жөндеуде болғанымен, қызмет көрсету тоқтатылмаған.

Айтуларынша, ақпан айынан бастап нысан мемлекет қарауына беріліп, халықаралық деңгейдегі туристік жоба ретінде қарастырылмақ. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттар мен зейнеткерлерге арналған. Қонақүйде ұсынылатын емдік және демалыс қызметтері мемлекеттік тапсырыс аясында тегін көрсетіледі. Бағдарламаға бес мезгіл тамақтану, минералды су пайдалану және арнайы емдік шаралар кіреді. Болашақта атқа міну қызметін іске қосу да жоспарланған.

Ақпараттық тур барысында қатысушылар Four Seasons қонақ үйінің және жуырда ғана ашылған Nammu Resort демалыс аймағының жұмысымен танысты. Nammu Resort басшысы Темірғали Есеннің айтуынша, қонақүйдің ашылғанына небәрі үш ай болған. «Демалыс орнын заманауи технологиялармен, шетелдік стандарттарға сай етіп жасадық», – дейді ол. Қазіргі таңда мұнда жүзге жуық адам еңбек етеді, 12 түрлі жабық бассейн мен моншалар жұмыс істейді. Кешен бір күнде 120-ға жуық қонақ қабылдай алады, ал үш ай ішінде 2 мыңнан астам турист келген. Нысанға индонезиялық, қырғызстандық және ресейлік туристер де жиі келеді.

Сапар аясында қатысушылар Шонжы автостанциясының жұмысымен де танысты. Автовокзал басшысы Сауытжан Ерболдың айтуынша, нысанға дайындық жұмыстары 2025 жылдың сәуірінен басталған. Қазіргі таңда инфрақұрылым толық дайын, жолаушыларға арналған демалу, тамақтану, медициналық көмек көрсету және туристік қызмет көрсету орындары бар. 2026 жылдан бастап Алматы–Құлжа, Дулаты және Шонжы арқылы өтетін негізгі туристік бағыттар іске қосылған. Қызмет сапасын арттыру үшін автобустар мен жеңіл көліктер әзірленген.

Оның сөзінше, автовокзал туристердің шекарадан өтуін жеделдету мақсатында арнайы бағдарламаларды енгізіп жатыр. Қазір мұнда 20-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Нысанның құрылысы мен техникалық жабдықталуы жергілікті әкімдік пен облыстық спорт және туризм басқармасының қолдауымен жүзеге асқан.

Қорытындылай келе, ақпараттық тур барысында қатысушылар Алматы облысының туристік әлеуетімен жан-жақты танысып қана қоймай, өңірде жаңа жобалардың жүйелі түрде іске асып жатқанын көзбен көрді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz