Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Салтанат Дауыспекқызы Беспаева тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Салтанат Дауыспекқызы – өңірдің білім және мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған білікті басшы. Ол бұған дейін Алматы облысының білім басқармасын және Іле ауданының білім бөлімін басқарған.

Болашақ тіл саясатын дамыту жетекшісі 1975 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдап, педагогикалық бағыттағы кәсіби жолын бастады. Кейін 2024 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Іскерлік әкімшелендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын 2000 жылы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі болып бастаған. Кейін педагог-ұйымдастырушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің директоры қызметтерін атқарды.

Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім және мәдениет бөлімдерінде, сондай-ақ облыстық және аудандық білім басқармаларында басшылық лауазымдарда еңбек етті.

2025 жылдың 20 қазанынан бастап Салтанат Дауыспекқызы Беспаева Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып ресми түрде тағайындалды.

Жаңа басшының кәсіби тәжірибесі мен саланы терең білуі өңірде тіл саясатын жетілдіруге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және көптілді ортаны дамытуға бағытталған жұмыстардың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz