Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Қытайдың жетекші логистикалық компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтпек

Қытайға жасаған ресми сапары аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың ең ірі логистикалық компанияларының бірі — YTO Express Co. штаб-пәтеріне барды. Сапар барысында компанияның негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Ю Вэйцзяомен кездесу өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

YTO Express — Қытайдың экспресс жеткізу нарығындағы «үлкен бестікке» кіретін жетекші компаниялардың бірі. Компания халықаралық логистикалық желіні белсенді түрде дамытып келеді. Ол әуе, теңіз және құрлық арқылы жүк тасымалдау қызметін ұсынып, зияткерлік сұрыптау орталықтарын басқарады және логистика саласына арналған IT-шешімдер әзірлейді. Бүгінде YTO әлем бойынша 5100-ден астам филиалға, 133 логистикалық хабқа және 80 000 терминалға иелік етеді.

Кездесу барысында әкім осындай жаһандық операторлармен әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Әсіресе Алматы облысын «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту тұрғысынан бұл ынтымақтастықтың әлеуеті зор екені айтылды. Қазіргі таңда Алматы облысы YTOкомпаниясының жаһандық логистикалық стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл қатарда Дубай, Сидней және Лос-Анджелес сынды ірі қалалар да бар.

Тараптар YTO Express-тің Алматы облысындағы қатысуын кеңейту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және инновациялық логистикалық шешімдерді дамыту мәселелерін талқылады.

Сапар өңірге жоғары технологиялық инвестиция тарту және халықаралық экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz