Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы прокуроры сайлау науқанына байланысты үндеу жариялады

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктерге сәйкес сайлау процесінің барлық қатысушыларымен заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Бұл туралы облыс прокуроры Берік Адамов өз үндеуінде айтты.

31.10.2022
Аймақ

«Елімізде сайлауалды науқан «Сайлау туралы» Заңы аясында жүргізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте (ӘҚБтК) сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген:

— сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102 – бап: 15 не 35 АЕК көлемінде айыппұл);
— сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап: 20 не 50 АЕК дейінгі айыппұл);
— БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112-бап: 2 не 50 АЕК айыппұл)», — деді Берік Адамов.

Сонымен қатар ол БАҚ арқылы үгіт жүргізу шарттарын да атап өтті.

«Үгіт жүргізу кезеңінде болуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа да құрамдарын атап өткім келеді:
— анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату — 25 АЕК айыппұл;
— үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру — 15 АЕК айыппұл;
— сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу — 10 не 30 АЕК айыппұл;
— сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу — 20 не 30 АЕК айыппұл», — деді прокурор.

Берік Адамовтың айтуынша, азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады.

«Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та көзделген.
Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты ҚК-нің 150-бабы. Және сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеуге байланысты ҚК-нің 151-бабы», — деді облыс прокуроры.

Айта кетейік, сайлауалды үгіт науқаны 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz