Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы ПАСЕ сессиясында «Қазақ бұрышын» таныстырды

2025 жылғы 7–11 сәуір аралығында Страсбург қаласында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ПАСЕ) кезекті сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған халықаралық жиынға Алматы облысынан арнайы делегация қатысуда. Делегация құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының алты өкілі бар, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Сессия аясында Алматы облысының делегациясы Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде «Қазақ бұрышы» атты мәдени алаң ұйымдастырды. Бұл бастама – Алматы облысы әкімдігі мен Францияның Эльзас өңіріндегі Еуропалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан нақты жобалардың бірі. Айта кетейік, аталған құжат 2024 жылы Мемлекет басшысының Парижге жасаған мемлекеттік сапары қарсаңында қол қойылған болатын.

«Қазақ бұрышында» еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін кеңінен таныстыратын бірегей көрме ұйымдастырылды. Қонақтардың назарына фото және бейнематериалдар, кітаптар, ақпараттық брошюралар, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, қазақтың дәстүрлі киімдері мен ұлттық тағамдары ұсынылды. Мәдени алаң Қазақстанның бай мұрасын, фольклорын және туристік әлеуетін насихаттауға бағытталған.

Сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы да ерекше атап өтілді. Бұл институт еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуда және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.

Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ басшысы Елбосын Абай:
«Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының сессиясы аясында ұлттық мәдениетімізді таныстыру мақсатында «Қазақ бұрышын» ұйымдастырдық. Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Еуропа жұртшылығына халқымыздың тағамдарын, фольклорын, қолданбалы өнер туындыларын және ұлттық салт-дәстүрлерімізді таныстырып жатырмыз», – деді өз сөзінде.

Іс-шара барысында домбырашы Е. Дүкеннің орындауындағы халық күйі «Көроғлы» еуропалық қонақтар мен қазақ диаспорасы өкілдерінің ерекше ықыласына бөленіп, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттырды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz