Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: ойынханалар миллиардтаған сомадағы салық төлеуден жалтарып келген

Мұны Қонаев-Алматы тас жолында орналасқан казиноларды тексерген облыстық прокуратура қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

28.09.2022
Аймақ

Аталған тексеріс 2019 жылдан бері жүргізілген. Нәтижесінде казинолардың бірқатар заңсыз әрекеттері әшкере болды.

Қазіргі таңда облыстық прокуратураның талабы бойынша салық саласының мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

«Ойын автоматтары бар бүкіл залдарда қонақтардың ұтқан ақшасының пайызын дұрыс өтемеу фактісі тіркелді. ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 12-бабы 6-бөлігі бойынша қонақтар ұтыстың 95 пайызын алуы керек, сәйкесінше, ойынхана 5% алуға құқылы», — дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Абиров.

Оның айтуынша, ойынхананың үлесіне ұтыстың 25-30% не 50% қалып отырған.

«Тексеріс барысында ойын бизнесімен айналысатындардың қалтасында 2,6 млрд теңге қалғаны анықталды. Бұл қаржы қонақтардың жеңген кезінде берілуі керек болған», — деді баспасөз хатшысы өз сөзінде.

Мақсат Абировтың ұсынған ресми ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда туризм индустриясы комитеті казинолардың ісін ҚР ӘҚБтК-тің 445-бабына сәйкес қарастырып жатыр. Аталған баптың санкциясы бойынша ойынхананың кіріс қаражаты тәркіленеді және кәсіптің лицензиясы алынады.

«Слот залдардың бірінде Қазақстанда тыйым салынған интернет-казино қызметі анықталды. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілу үстінде», — деді Мақсат Абиров.

Сондай-ақ ол санитарлық-эпидемиялық нормалардың және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы секілді бірқатар келеңсіздіктердің анықталғанын айтты.

Тегтер: Қонаевойынханасалық

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz