Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Қытай кәсіпкерлері ынтымақтастықты кеңейтеді

Қытайдың Цзинань қаласында Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды алаңына айналған ірі бизнес-форум өтті. Іс-шараны салтанатты түрде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ашты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Бүгінгі форум Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Біздің өңір «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыруда стратегиялық маңызға ие. Біз шетелдік инвесторларға дамыған инфрақұрылым, қолайлы логистикалық жағдай және жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынамыз. Форум тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және бірлескен бастамаларды табысты іске асыруға тиімді алаң болады деп сенемін», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Форум аясында ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылыс материалдарынан бастап, жаңа материалдар, электр көліктері, косметика және химиялық өнімдерге дейінгі әртүрлі салаларды қамтитын 124 компанияның өкілдері және 300-ден астам қатысушы бас қосты.
⠀
Іс-шараның ерекшелігі – қатысушылардың деңгейінде: олардың қатарында жылдық кірісі 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам ірі компания бар.
⠀
Форумды Шаньдун провинциясының 16 қаласының өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар департаменттері, шағын және орта бизнесті дамыту орталықтары мен жетекші салалық қауымдастықтар ұйымдастырды. Бұл – Қытай тарапынан Қазақстанмен экономикалық байланыстарды нығайтуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айқын көрсетеді.
⠀
Облыс әкімінің айтуынша, соңғы екі жылда Алматы облысы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде 10-орыннан 5-орынға көтерілген. Бүгінде өңірде қытайлық капиталдың қатысуымен бірқатар ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылуда. Облыс аумағында Қытай және бірлескен инвесторлардың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы жыл сайын тұрақты түрде 1 миллиард АҚШ долларынан асады.
⠀
Цзинань қаласында өткен бұл бизнес-форум Қазақстан мен Қытай арасындағы нақты ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған маңызды алаңға айналды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz