25 қарашада Қазақстанның көптеген өңірінде тұрақсыз ауа райы күтілсе, Алматы облысында жағдай өзгеше. Мұнда күн бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз өтеді. Күндізгі температура +9…+11 °C, түнде +1…–1 °C болады.
26 қарашада да күн ашық әрі жылы сақталады. Синоптиктердің айтуынша, ауа райы жауын-шашынсыз болады: күндіз +12…+14 °C, түнде +2…+4 °C.
27 қарашада облыс тұрғындарын шуақты күн қарсы алады. Күндіз ауа +10…+12 °C дейін жылынады, түнде 0…–2 °C аяз болуы мүмкін.
28 қарашада да ауа-райы айтарлықтай өзгермейді. Ауыспалы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Күндіз +7…+9 °C, түнде 0…–2 °C.






