Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Литва арасында өзара ынтымақтастық нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлис екіжақты кездесу өткізіп, өңір мен Литва арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады өңірлік баспасөз қызметі.

16.03.2023
Аймақ

Кездесу барысында Литва Республикасы мен Алматы облысы арасындағы экономикалық ынтымақтастық, тауар айналымын ұлғайту, инвестициялық әлеуетті ілгерілету, Қазақстан кәсіпкерлерінің бизнеске қатысу тақырыптары көтерілді.

Сонымен қатар мәдени іс-шаралар, жоспарланған көрмелер және туризмді дамыту жайы талқыланды. Литваның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлис Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы көрсеткіштері жақсарғанын, бұл — екі ел бизнес өкілдерінің табысты жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

«Біз ынтымақтастықты одан әрі күшейтуіміз керек. Бүгінде бізді ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қызықтырады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, былтыр Қазақстанның Литваға экспорты 446,4 млн. доллар болды, оның ішінде Алматы облысының үлесі 2,6 млн. доллар. Литваға экспортталған тауарлардың негізгі топтарында металдар мен металдан жасалған бұйымдар, балық өнімдері, өсімдіктерді қоректендіруге және топырақтың құнарлылығын арттыруға арналған заттар бар. Литвадан Алматы облысына құрал-жабдық, тоқыма бұйымдары және азық-түлік импортталды», – деді Гинтаутас Васюлис.

Литва елшісі өңірдің туристік және білім беру әлеуетіне баса назар аударып, қазақстандық студенттер үшін 200-ден астам шәкіртақы бөлінгенін және 8 жоғары оқу орнының «Болашақ» бағдарламасы бойынша аккредиттелгенін айтты. Литвада сауықтыру және медициналық туризм секторы жақсы дамығанын жеткізіп, литвалықтардың тау жорықтары, аң аулау, қорықтарға бару, жалпы туризм бағыты қызықтыратынын атап өтті.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қаланың алдағы дамуы мен ынтымақтастықты ары қарай жалғастыру туралы ойын сабақтады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қонаевта бірқатар оқу орындары салынады. Осыған байланысты білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор болмақ. Бұл студенттердің екі елде білім алуына мүмкіндік береді. Туризмге келетін болсақ, біздің облыс еліміздегі ең бай аймақтардың бірі саналады. Мұнда сіз Айғайқұмға барып, ондағы шатқалдарды тамашалай аласыз. Қазіргі таңда аймақтың логистикалық дамуына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл туризмнің одан әрі қолжетімді болуына мүмкіндік тудырады. Ынтымақтастық екі мемлекеттің дамуына жаңа серпін береді», – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Кездесу соңында екі тарап өкілдері бір-біріне өңірдің көрікті жерлері бейнеленген кітапшалар табыстады.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Почетная и ответственная миссия: студентка из Алматинской области о предстоящем референдуме

Николай Иващенко
10.03.2026

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz