Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына Тимур Бекеев төрағаның міндетін атқарушы болып тағайындалды. Тағайындау «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен және Өңірлік кеңеспен келісе отырып, жүзеге асырылды.

28.08.2023
Аймақ

Бұл қызметке ол қазір Алматы облысының ауыл шаруашылығы Басқармасының басшысы болып тағайындалған Қуандық Чункуновтың орнына келді.

Тимур Бекеев – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1987 жылы 30 маусымда дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қаржы және мұнай-газ саласындағы бірнеше дипломдардың иегері.

2005 жылы Банк ісі академиясын «Қаржы және құқық» мамандығы бойынша, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген, 2012 жылы Уэльс университетінде «Қаржы және тәуекелдерді басқару» ғылымдарының магистрі, 2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мұнай-газ ісі» саласындағы ғылым магистрі атанды.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары «Мұнай Транссервис» ЖШС директорының орынбасары (2008-2010 ж.), «Транссервис Миллениум» ЖШС техникалық директоры (2013-2014 ж.), «Progress Operating» ЖШС Бас директоры (2014-2022 ж.), Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы аппаратының басшысы (2022-2022 ж.) қызметтерін атқарды.

Соңғы жұмыс орны — Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры (2022-2023 ж.).

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz