Дархан Қабдоллин «Қонаев салған» әнімен шара шымылдығын ашты. Ал «Топжарған» этно-мәдени орталығы болса батырлар көрінісін қойды.

Сондай-ақ Мейір Қайрат, Бақыт Шадаева, «Степсонс» тобы, Мұхтар Ханзада, Нұрлан Еспанов, Нұрмұхаммед Жақып, Асхат Тарғын секілді Қазақстанға танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

Сахна сыртында да өзгеше сәт болды. Әнші Нұрлан Еспанов балақайдың тұсауын кесті.

«Қонаев қаласы облыс орталығына айналғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, бұған дейін де тұрғындар үшін ірі концерттер ұйымдастарылды. Бүгін өздеріңіз көріп отырғандай, қыран бүркіт аспанға самғап, рекорд жаңартты. Демек, Қонаевтағы бұл шара тарихта қалатыны сөзсіз. Биыл елімізде көптеген өзгерістер орын алды. Соның бірі де, бірегейі — «Республика күні» мерекесінің қайта жаңғыруы. Алдағы уақытта да тек жақсылықтарда бас қосайық. Басты айтарым, ел аман, жұрт тыныш болсын. Концерт халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын», — деді қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Бибігүл Кенжеханқызы.


Бүгін қыран бүркіттің рекорд орнатуына байланысты ақпарат бергенбіз.





