Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: Есік пен Шелекте мектеп салынады

Алматы облысының әкімі "Верный капитал" компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл басқосуда өңірдегі Есік қаласы мен Шелек ауылында мектеп салу мәселесі талқыланды.

22.11.2022
Аймақ

900 орындық 2 мектепте ойын, спорт алаңдары, демалыс залдары, ғылыми-тәжірибелік, оқу-өндірістік кабинеттер болады. «Верный капитал» серіктестігі оқу ошағының аумағын көгалдандыру жұмысын жасайды және инфрақұрылымның заманауи талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді.

Әр мектептің құрылысына жұмсалатын қаржы көлемі — 12 млн доллар. Құрылыс сызбасын Алматы қаласындағы Нархоз университетінің және Ботаникалық бақты қалпына келтіру жобаларын жасаған менеджерлер тобы қолға алады. Аталған процесс аяқталған соң жоба Алматы облысы әкімдігінің қарауына өтеді.

«Біздің топ Қазақстанның білім саласы дамуына ерекше көңіл бөледі. Балалар кең, жайлы, қауіпсіз мектептерде оқуы тиіс. Сондықтан біз қай жерде мектеп тапшылығы бар сол аумаққа оқу ошақтарын салғымыз келеді», — деді компания директоры Ерлан Оспанов.

Ал облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев болса үш ауысымды мектеп мәселесін шешу керектігін айтты.

«Қазір өңірде 52 мектеп үш ауысымда білім береді. Жыл сайын мектеп оқушыларының саны 20 мыңға көбейеді. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік «Жайлы мектеп» жобасы бойынша өңірде 63 мектеп бой көтермек. Біз «Верный капитал» компаниясының үнсіз қалмай, қол ұшын созуға дайын екеніне қуаныштымыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мамандары мен облыс әкімдігінің бірнеше рет ақылдасуынан кейін Есік қаласы мен Шелек ауылында мектеп салу туралы шешім қабылданды. Есіктегі екі мектепте балалар үш ауысымда оқыса, Шелектегі мектептер тым ескіріп, жарамсыз күйге түскен.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz