Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: экономикалық серпін мен жаңа инвестициялар өңірдің дамуына жол ашты

Алматы облысы соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму бағыттарында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Өңірде халықтың өмір сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту және инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының тірегі

Облыс экономикасының негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы. Алматы облысы республика бойынша өнім көлемі жөнінен төртінші орында, ал ет, алма, өрік, көкөніс пен соя өндіру бойынша көш бастап тұр.

Қарасай ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мен техника паркінің жаңартылуы қарқынды жүргізілуде. Биылдың өзінде фермерлерге 427 млн теңгеге 40 жаңа техника сатып алынды.

«Кендала» бағдарламасы аясында өңір фермерлеріне 15,7 млрд теңге несие берілсе, оның 1,1 млрд теңгесі Қарасай ауданына тиесілі. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша аудан тұрғындары 327,9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Суармалы егіншілік пен суды үнемдеу технологияларын енгізу де ерекше назарда. Қазір облыс бойынша су үнемдеу әдістері 28% жерге енгізілсе, Қарасай ауданында бұл көрсеткіш 52%-ға жеткен.

Индустрияландыру және инвестициялық жобалар

Қарасай ауданы өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналады. Мұнда жалпы құны 331 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Биыл «Алтын Орда» сауда-ойын-сауық орталығы қайта жаңғыртылып, «Summer Sun» демалыс кешенінің құрылысы аяқталуда.

Жыл соңына дейін MP Solution, Imagine Apple Logistics және «Жигалма» сияқты ірі өндіріс пен логистикалық кешендер іске қосылады.

Облыс бойынша жалпы құны 6,3 трлн теңге болатын 214 жоба қолға алынған. Бұл бастамалар 76 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Индустрияландыру бағытында Қарасай ауданындағы «Қайрат» индустриялық аймағында 123 млрд теңгеге 24 жоба жоспарланған, оның төртеуі қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Болашақта шетелдік инвесторлардың қатысуымен жаңа өндіріс орындары ашылады деп күтілуде.

Әлеуметтік сала және өмір сапасы

Қарасай ауданында биыл 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жоспар 111% орындалды. Орташа жалақы көлемі – 443 мың теңге.

Білім беру саласында 62 мектеп пен 200-ден астам балабақша жұмыс істейді. Биылдың өзінде 10 жаңа мектеп пайдалануға берілді, соның бірі – Алмалыбақ ауылында.

Денсаулық сақтау саласында Қаратөбе ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылмақ. Сонымен қатар, ауданда 46 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Инфрақұрылымдық жаңғырту

2025 жылы облыста 774 шақырым жол жөнделмек. Бұл мақсатқа 59,8 млрд теңге бөлінген. Қарасай ауданындағы 16 ауылда 100 шақырымнан астам ішкі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Газдандыру және таза ауызсу жүйелерін жақсарту бағытында да оң нәтижелер бар. Жыл соңына дейін Қарасай ауданындағы газбен қамтылған елді мекендер үлесі 59,5%-ға жетеді.

Экономикалық өсім мен жаңа белестер

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы жалпы өңірлік өнім көлемі жағынан ел бойынша бесінші орынға көтерілді. Соңғы тоғыз айда экономикалық өсім 10%-дан асты: өнеркәсіп – 9,3%, құрылыс – 21,1%, сауда – 18,5%. 900 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, инвестиция көлемі 756,7 млрд теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін экономикалық өсім 6%-ды, ал жалпы өңірлік өнім көлемі 6,7 трлн теңгені құрамақ.

Арнайы экономикалық аймақ – жаңа мүмкіндіктер алаңы

Еліміздегі ең ірі әрі әлем бойынша төртінші орын алатын арнайы экономикалық аймақ – «Алатау» АЭА өз жұмысын бастады. Мұнда алғашқы төрт ірі кәсіпорын іске қосылып, 580 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Алматы облысы бүгінде инвестиция тарту, ауыл мен қала арасындағы теңгерімді дамыту және халықтың өмір сапасын жақсарту бағытында айқын қарқынмен ілгерілеп келеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz