Айбол Тінәліұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: 2008 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2010 жылы магистр, 2015 жылы осы мамандық бойынша докторлық дәрежесін алды. Сондай-ақ, 2018 жылы Ресей Халықаралық Олимпиадалық университетінде «Спорттағы менеджмент пен маркетинг» мамандығы бойынша қосымша кәсіби білімін жетілдірді.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы технологиялық университетінің технология-экономикалық колледжінде оқытушы болып бастады. Әр жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында аға оқытушы, ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, бөлім жетекшісі, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.
2024 жылдан бастап осы күнге дейін Қ.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры лауазымында жұмыс істеді.
Айбол Тінәліұлы Құлбаевтың жаңа қызметі облыстағы спорт пен дене шынықтыру саласының дамуына тың серпін береді деп күтілуде.





