Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Талдықорғанда өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов мәлім етті.

21.05.2023
Аймақ

«Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға, өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арапби Меңлібаев 11 жылға, білім басқармасының бас маманы Бақыт Абдолданова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар мемлекеттік сатып алуға қатысты келісімшартқа пара алды деп айыпталған», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.

Айта кетейік, аталған үкім әлі күшіне енген жоқ. Сотталушылар аппеляциялық шағым түсірген.

Естеріңізге сала кетейік, Майгүл Омарова өзінің сыбайластарымен бірге 2021 жылдың 9 ақпанында ұсталып, қамауға алынған болатын.

Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шартын жасаған.

Сотталушыларға 35 млн теңгеден аса пара алды деген айып тағылған.

Тегтер: Алматы облысыантикорпара

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz