Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы — бал арасын өсіруге қолайлы өңір

Мұны Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаевтың қабылдауында болған кәсіпкер Әлішер Сейтен айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.09.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Елімізде танымал ара балының түрі Өскеменде өндіріледі. Дәл шығыстағыдай климат Алматы облысында да байқалады. Сол себепті өңірде бал арасын өсіріп, олардың санын көбейтіп, сапалы бал өндірісін үлкен бизнеске айналдыруға болады.

«Қазіргі уақытта «Bee Queen» шаруашылығында 200 ара отбасы бар. Соңғы жылдары шаруашылықта аралар 15 тонна өнім беріп жүр», — дейді кәсіпорынның директоры Әлішер Сейтен.

Оның айтуынша, облыста омарташылар көп, бәрі жеке жұмыс істейді. Омарташылардың басын біріктіріп, үлкен серіктестік құрса, жақсы жетістікке жетуге болады.

«Сіздерден сұрарым, серіктестік құруға қол ұшын берсеңіздер. Облыстағы омарташылар жылда бал арасын шетелдіктерден сатып алады. Жыл бойы оларды өсіріп, көбейтеді, жер болмаған соң кәсіпкерлер жылда қайтадан ара сатып алу, өсіру процесін қайталап жасайды. Бұл саланың өркендеуіне әкелмейді», — дейді Әлішер Сейтен.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Кәсіпкер Қазақстанда омарташылықтың қыр-сырымен таныстыратын жоғарғы оқу орны жоғын айтады. Тек селекция бағытында оқытатын білім ошақтары бар. Сондықтан өзі Польшаға арнайы барып, омарташылық мамандығын меңгеріп келген. Сонымен қатар кәсіпкер жыл он екі ай бал арасын өсіруге, көбейтуге болатынын атап өтті. Ол үшін мемлекеттік маңызы бар үлкен тас жолдың бойына арнайы нысана салу керек.

«Айналып келгенде, мәселенің шешімі қаржыға тіреліп тұр», — дейді ол.

Облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев бизнес өкілінің мұң-мұқтажын тыңдап, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен біріге отырып, аталған мәселеге қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Және де бал өндірісінің расында басқа шаруашылықтардың көлеңкесінде қалып жатқанын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz