Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы бір данасы үшін 497 265 теңге бағасымен 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңге бағасымен 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңге бағасымен 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялады.
Бұл ретте аталған тауарлардың орташа құнының мониторингі барысында бағалар тиісінше 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды.
Антикордың араласуынан кейін жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды және конкурс қайтадан өткізіледі.





