Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы алғаш рет бюджетке 1 триллион теңгеден астам қаражат түсірді

Алматы облысы 2025 жылдың 11 айында алғаш рет мемлекеттік бюджетке 1 триллион теңгеден астам қаражат түсірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өңір тарихында алғаш тіркелген бұл рекорд 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4 пайызға жоғары. Өткен жылы бұл көрсеткіш 915,1 млрд теңге болған.

Жергілікті бюджетке түсімдер де айтарлықтай өскен: 2025 жылы облыстың меншікті кірісі 566,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 98 млрд теңгеге (20,9%) артқан. Республикалық бюджетке түсімдер 452,8 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,6 млрд теңгеге немесе 1,5 пайызға көп.

Соңғы бес жылда облыстың бюджетке түсімдері 1,5 еседен аса өсті. Мәселен, 2021 жылы түсім көлемі 663,4 млрд теңге болса, биыл ол 1 триллион теңгеден асып отыр. Оның ішінде республикалық бюджетке түсім 106,7 млрд теңгеге, жергілікті бюджетке түсім 249,4 млрд теңгеге ұлғайған.

Соңғы жылдардағы динамика:

• 2022 жыл — 780,1 млрд теңге
• 2023 жыл — 888,6 млрд теңге
• 2024 жыл — 997,6 млрд теңге

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, бұл рекорд өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды межесі саналады. Салық базасын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау және экономикалық белсенділікті арттыру бағытындағы шаралар нәтижесінде бюджет кірісі тұрақты түрде өсіп келеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz