Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: әскери-патриоттық клубтарда 16 775 бала оқиды

Мұны Қонаев қаласының Мәдениет үйінде өткен «Отансүйгіштік – ұлттық рухтың асқақ белгісі» форумында облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева айтты.

08.11.2022
Аймақ

Бұл басқосу жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайту мақсатында арнайы ұйымдастырылды. Салтанатты шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 250 делегат қатысты. Жиынның құрметті қонақтары ретінде ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, панкратион мен бушидодан әлем кубогының иегері Ардақ Назаров, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Сырым Бектұрсын, дәстүрлі әнші Санат Қанатбекұлы шақырылды.

«Елімізде жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыра отырып тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы құрылды», — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматы облысында жалпы саны 395 әскери-патриоттық клуб пен сынып жұмыс жасайды. Оның ішінде, 361-і «Жас сарбаз» клубы, мұнда 16 775 бала білім алса, барлығы 34 сыныпта 1 194 оқушы оқиды.

Сондай-ақ ол бірқатар мамандарды Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапаттады.

«Ардақ Назаровты бірі таныса, бірі танымас. Мен осы облыстың тумасымын, қарапайым отбасыдан шыққанмын. Әкем киномеханик, анам бухгалтер болды. Кеңес үкіметі тараған соң анам жұмыссыз қалып, әкем мектепте жұмыс жасады. Менің үлкен мақсатым ата-анама тірек болу, көмектесу еді. Өйткені, үйдің үлкенімін артымнан ерген бауырларым бар дегендей», — деді жиында балалармен ашық диалог құрған спортшы Ардақ Назаров.

Ол өзінің жетістікке жету жолымен бөлісіп, еңбекқорлық, отансүйгіштік, адамгершілік, жауапкершілік секілді адам бойындағы асыл қасиеттер туралы сөз қозғады.

Жиын соңында Іле ауданының кадет сыныптары көрініс қойып, жас өнерпаздар ән шырқады.

Сонымен қатар Мәдениет үйіне кіреберісте облыс оқушыларының спортта, оқуда жеткен жетістіктерінің дипломдары, медальдары қойылып, «работотехника» көрмесі көрермен назарына ұсынылды.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz