Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2025» жастар сыйлығы кімдерге бұйырды?

Қонаев қаласында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
26.12.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Шараның мақсаты жас буынның әлеуетін арттырып, Алматы облысының үздік жас мамандарына қолдау көрсету. Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығына жастар саясатында белсенділік танытып, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нәтиже көрсетіп жүрген 14 пен 35 жас аралығындағы облыс жастары қатысты.  Аталған ынталандыру 2022 жылдан бастау алып, биыл да жалғасын тапты.

«Заңғар» жастар сыйлығы бойынша жеңімпаздарға диплом мен 500 000 теңгенің сертификаты берілді.

«Үздік жас журналист номинациясының жеңімпазы, Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Балнұр Асанова ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Ең алдымен, Алматы облысының әкіміне жастарды қолдауға бағытталған жүйелі саясаты, жас мамандардың еңбегін бағалап, сенім артып отырғаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, осы сыйлықты ұйымдастырып, жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берген Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына, ұйымдастырушыларға және қазылар алқасына зор ризашылығымды білдіремін. «Заңғар жастар сыйлығы» – бұл біз үшін үлкен жауапкершілік және жаңа белес. Осы сенімді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Сонымен қатар, бүгінгі байқауда жеңіске жеткен барлық жастарды шын жүректен құттықтаймын», — деп өз әсерімен бөлісті Балнұр Асанова.

Жеңімпаздар:

Курбанова Асель Ярмагаметқызы – «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясының жеңімпазы;

Оган Нурбек — «Үздік жас ұстаз» —  номинациясының жеңімпазы;

Хамидолла Арайлым Кенжеғалиқызы – «Үздік жас дәрігер»  номинациясының жеңімпазы;

Асанова Балнұр Тәуекелқызы – «Үздік жас журналист номинациясының жеңімпазы;

Мұхтасип Юсуф Бағытжанұлы – «Үздік жас спортшы»  номинациясының жеңімпазы;

Таласбай Алмат Берікұлы – «Үздік жас кәсіптік маман»  номинациясының жеңімпазы;

Юсупова Меруерт Маратовна — «Үздік жас кәсіпкер»  номинациясының жеңімпазы;

Кенжеғали Нұржігіт Кенжеғалиұлы – «Үздік жас өнерпаз»  номинациясының жеңімпазы;

Муртузаева Мунира Эльшадқызы – «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы»  номинациясының жеңімпазы;

Аукен Айдос Бегланұлы — «Үздік жас волонтер»  номинациясының жеңімпазы.

Тегтер: «Заңғар-2025»алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарЗаңғар сыйлығыҮздік жас журналист

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz