Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
14.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы “Заңғар-2024”жастар сыйлығына өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Облыстың дамуына үлес қосып, өз саласында озық шыққан жастарды марапаттау мақсатындағы бұл байқау жас буынға зор қолдау көрсетуді көздейді.

«Заңғар-2024» сыйлығына қатысуға өңірдің кез келген 14-35 жас аралығындағы белсенді жастары шақырылады. Байқау әртүрлі салаларды қамтып, үздік мемлекеттік қызметкер, дәрігер, ұстаз, спортшы, журналист, кәсіпкер, өнерпаз, волонтер, жастар ісінің әдіскер-нұсқаушысы және кәсіби маман секілді аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Әр аталым бойынша талаптар қатал, үміткерлердің кәсіби жетістіктері, қоғамдық қызметке қатысуы, сондай-ақ өңірге қосқан нақты үлесі жан-жақты бағаланады.

«Ең үздік атанған жастар облыс әкімінің қолынан дипломдар мен ақшалай сыйақы алады. Бұл сыйлық – жастарды қолдап, олардың қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған маңызды шара», — деді Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев.

Өтінімдер 13 қарашадан 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Қатысушылардан барлық қажетті құжаттарды толық жинақтап, кәсіби портфолио ұсыну талап етіледі. Байқау қорытындысында қазылар алқасы үміткерлердің жұмыс тәжірибесі мен әлеуметтік маңызы бар үлестерін сараптап, үздіктерді анықтайды.

Айта кетейік, Алматы облысының «Заңғар» сыйлығы екі жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Байқау ережелерін толығырақ @almobl_jastary парақшасынан білуге болады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz