Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев Талғар ауданындағы мектептің құрылыс барысын тексерді

Мөлдір Иманмади
31.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев жұмыс сапары барысында Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аталған нысан бойынша «SHEBERBUILD» ЖШС-мен 2023 жылғы 22 маусымда №356 келісімшарт жасалып, мектеп ғимаратына сейсмокүшейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Жобаның жалпы құны — 883,2 млн теңге.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арқылы беріліп, жөндеу мерзімі 2023 жылғы 23 маусымнан 2024 жылғы 23 наурызға дейін, яғни 9,5 ай болып бекітілген.

Алайда, мердігердің жұмыс қарқыны баяу жүруіне байланысты сотқа талап арыз түсіріліп, 2024 жылғы 22 мамырдағы №1912-24-00-2/612 шешіммен «SHEBERBUILD» ЖШС-на 16,6 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, компанияға нысанды толық аяқтау міндеттелді.

Мердігер ұйым 2025 жылғы 10 маусымнан бастап жұмыстарды қайта жалғастырып, бүгінгі таңда келесі жұмыстарды орындаған:
• ішкі әрлеу жұмыстары – 90%,
• сыртқы және ішкі қабырғаларды сылау – 85%,
• шатыр жұмыстары – 100%,
• су және кәріз желілерін тарту – 60%,
• электр желілерін монтаждау – 80%,
• сыртқы ойын алаңын абаттандыру – 30%.

Қазір нысанда 25 жұмысшы еңбек етуде, құрылыс материалдары жеткілікті.

2025 жылғы 13 тамыздағы №1912-25-00-2/1744 сот шешіміне сәйкес, «SHEBERBUILD» ЖШС мектептегі құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін толық аяқтауға кепілдік берген.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 11 қыркүйекте техникалық қадағалау қызметін атқаратын жаңа ұйым — «Bureau TSE» ЖШС-мен №534 келісімшарт жасалды.

Нысанды аяқтауға 312,1 млн теңге қаражат бөлінген. 2025 жылғы 29 қыркүйекте мердігермен қосымша келісім жасалып, жұмыстар жалғасуда. Алайда бөлінген қаражат қазіргі уақытта әлі аударылмаған.

Сот шешіміне сәйкес, «SHEBERBUILD» ЖШС 2025 жылғы 30 қарашаға дейін мектепті толық аяқтап, пайдалануға беруге міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz