Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары 2,2 млрд теңге инвестиция құйылған Талғар аудандық ауруханасын тексерді

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Талғар орталық аудандық ауруханасына барып, «A-Class Medical» компаниясының 2,2 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобасының нәтижелерімен танысып, жаңа тапсырмалар берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
03.12.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Сондай-ақ тұрғындармен өткен кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

36 нысаннан тұратын ірі медицина желісі

Талғар аудандық Орталық аурухана құрылымында 36 денсаулық сақтау нысаны бар. Оның ішінде:
– Орталық аудандық аурухана;
– 2 емхана;
– 2 ауылдық аурухана;
– 12 дәрігерлік амбулатория;
– 11 фельдшерлік-акушерлік пункт;
– 9 медициналық пункт.

«A-Class Medical» инвестициясы — 2,2 млрд теңгеден астам

2020 жылдың 23 қазанынан бастап Талғар аудандық Орталық ауруханасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты негізінде «A-Class Medical» ЖШС-не берілген. 2020–2025 жылдар аралығында компания аурухананың дамуына 2,2 млрд теңгеден астам қаржы инвестициялады.

Инвестиция нәтижесінде:
– материалдық-техникалық база жаңартылды;
– инфрақұрылым жақсарды;
– кадрлық әлеует артты;
– медициналық жабдықтар паркі айтарлықтай кеңейді.

Маңыздысы – аталған кезеңде аурухананың күтімі, жөндеу жұмыстары мен жабдықталуы үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбеген. Штат саны да өскен: 2020 жылғы 1472 бірліктен 2024 жылы 2017 бірлікке жетті. Медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 2020 жылғы 69%-дан 2024 жылы 90,35%-ға дейін көтерілді.

Қомақты жұмыс: ғимараттар сатып алынды, орталықтар ашылды

Сенімгерлік компания бірнеше маңызды жобаларды іске асырды:
– Өстемір және Жалқамыс ауылдарындағы амбулаторияларға арналған 2 ғимарат сатып алынды;
– 7 ФАП пен медициналық пункт ашылды;
– Қызыл Қайрат ауылында 100 төсекке арналған реабилитациялық орталық жұмысын бастады;
– 27 денсаулық сақтау нысанына капиталды жөндеу жүргізілді;
– инженерлік желілер, жылу және газ жүйелері жаңғыртылды;
– ЦРБ нысандарының ішкі және сыртқы бөлмелері жөнделді;
– мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта жасалды.

Сонымен қатар, 500-ден астам медициналық жабдық сатып алынды. Олардың қатарында:
C-Arm аппараты, КТГ құрылғылары, 25 жоғары ағынды оттегі аппараты, 25 оттегі концентраторы, CPAP, «Resusci Flow» неонаталдық ӨЖЖ, Planmeca панорамалық рентгені, Vector Dürr Dental, 450 терапиялық құрылғы, 500 компьютер және тағы басқа маңызды техника.
Соның ішінде аса ірі сатып алулардың бірі — «ANKE ANATOM Precision» 128 тілімді компьютерлік томографы. Көлік паркі де толықты: шұғыл шақыртуларға арналған 2 «Damas» автокөлігі алынды. 2026 жылы 4 «Газель-Соболь» көлігін сатып алу жоспарланып отыр.

Тұрғындармен кездесу: нақты мәселелер – нақты жауаптар

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

  1. Бесқайнар ауылына жаңа ФАП қажет

Қоғамдық кеңес төрағасы Қайрат Шаймарданов ауылға ФАП қажеттігін айтты.Бұл сұраққа облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов:

«ФАП 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында салынады. Құрылыстың құны 65–70 млн теңге шамасында», – деп жауап берді.

  1. Мейірбике жетіспеушілігі

Ауылда бір ғана мейірбике бар екені айтылды. Қанат Есболатов бұл мәселеге:

«Округте 3 мың тұрғын болса да, ауруханаға бар-жоғы 900 адам тіркелген. Штат санын заңға сәйкес тіркелген халық санына қарай бөлеміз. Жаңа ФАП ашылып, тіркелгендер көбейсе, қосымша штат беріледі», – деді.

  1. Педиатрия мен терапияны бөлу

Клара есімді тұрғын бөлімдерді бөлу қажеттігін көтерді.
Аурухана директоры Майра Егембердиева:

«Жаңа бұйрыққа сай балалар мен ересектердің келу жолдарын бөлек жасаймыз. Балаларды таңертең, ересектерді түстен кейін қабылдау арқылы ағынды ажыратамыз», – деп түсіндірді.

  1. Басқа мәселелер: 

– жедел-жәрдем жұмысы,
– тегін дәрілер тізімінен кейбір препараттардың алынуы,
– тіс емханасының жұмысы,
– медициналық құрылғылардың жиі бұзылуы,
– медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасы.

Барлық шағымдар бойынша Қанат Есболатов тиісті мекемелерге тапсырма беріп, заң аясында жақын уақытта шешуді міндеттеді.

«Науқасқа жылы қабақ – емнің бір бөлігі»

Қанат Болатұлы медицина қызметкерлеріне пациенттермен әдепті қарым-қатынас жасаудың маңызын ерекше атап өтті:

«Адамдар бұл жерге емделемін деп келеді. Егер көңіл-күйлері түсіп кетсе, ем қонбайды. Сіздердің жұмыстарыңыз ауыр екенін түсінемін, бірақ жылы қабақ таныту – міндет. Қажет болса, дөрекілікке жол берген қызметкерлерге қызметтік тексеру жүргізіңіздер», – деді ол.

Кездесу жылы лебізбен аяқталды

Тұрғындар басшылықтың ашық әңгімеге дайын екенін, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныстарын тыңдағанын атап өтіп, көтерілген мәселелердің уақытында шешілетініне сенім білдірді.

Ауылдағы медициналық қызмет қолжетімді бола түседі

Айта кетейік, Алматы облысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын ең жоғары қарқынмен іске асырып жатыр. Қазір 27 жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр, оның 26-сы – денсаулық сақтау объектілері. Бұл – ФАП-тар, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер.

Биыл 14 медициналық нысан толық аяқталып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында Жамбыл, Іле, Кеген және Ұйғыр аудандарындағы ФАП-тар мен амбулаториялар бар.

Тағы 12 объект 70-тен 100%-ға дейін дайын, оларды биыл және келесі жылдың басында толық іске қосамыз. Бұл – Кеген, Балқаш, Жамбыл, Іле және Ұйғыр аудандарындағы жаңа ФАП-тар мен медпункттер. Әрбір ашылған нысан – сол ауылдағы жедел жәрдем уақытын қысқарту, скринингтерді уақытында өткізу, жүкті әйелдер мен балаларға медициналық бақылаудың күшеюі деген сөз. Бұған қоса, біз кадр мәселесін шешу үшін ауылдық жерлерге дәрігер тарту бойынша ынталандыру шараларын күшейттік: көтерме ақы, баспана мәселесін шешу, жас мамандарға арнайы гранттар қарастырылуда.

«Жалпы алғанда, осы жобаның толық жүзеге асуы өңір бойынша 16 аудан мен ондаған ауылдың медицина сапасын түбегейлі жақсартады. Ауыл тұрғындары ең қажетті қызметтерді өз елді мекенінде алатын жағдай жасаймыз», — деді Қанат Есболатов.

 

 

Тегтер: Басты жаңалықтарҚанат ЕсболатовТалғар аудандық Орталық ауруханасы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz