Ельнар Төлегенұлы 1987 жылы туған. Білімі жоғары. 2012 жылы Қытай Халық Республикасындағы Бейжің тілдер және мәдениет университетін «Тілдер және әдебиет» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Іскерлік басқару шебері» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2015 жылы «МАКИРА» ЖШС-нің бас директорының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары департаментінің сарапшысы, Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің талдау және статистика басқармасының сарапшысы, сондай-ақ Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдігінің қызметкері лауазымдарында еңбек еткен.
2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Талдау және статистика басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.





