«Таулы аймақта орналасқан ауылдарда суармалы судың болмауы — өсімдік шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін таулы өзендерде су қоймаларын салу қажет. Нәтижесінде суармалы жерлерді 5,7 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік болады», — деді өңір басшысы.
Сонымен қатар ол егін шаруашылығындағы келесі мәселелерге де тоқталып өтті.
Ол жылына 1,4 мың тонна жеміс-жидек өңдейтін «Agro Processing» фирмасындағы жұмыстың тоқтап тұруы. Соны қайта іске қосу керектігі айтылды. Ауданда жалпы сыйымдылығы 120 тонна болатын екі көкөніс сақтау қоймасы бар. Олардың біреуіне күрделі жөндеу аса қажет. Әзірге қоймалардың шамасы жиналған өнімнің тек 0,2 пайызын сақтауға ғана жетіп отыр.
Айта кетейік, Ұйғыр ауданы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді өсіру бойынша облыс көлемінде 2-орынды алады. Қазіргі таңда алқап көлемі 4 мың гектарға жетті. Бұл облыс көлемінің 22,3 пайызын құрайды.





