Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын көпір орнатып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары Жәнібек Серікұлы мен «109» бірыңғай байланыс орталығының басшысы Бақтияр Бақытұлы, жоба — халықтың күнделікті мәселелерін жедел шешуге бағытталған дейді.

Бірегей бастама, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан жайы бар.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар орталыққа ашық құдықтар, жылу жүйесіндегі ақаулар, электр жарығының үзілуі, қаңғыбас иттер, аула абаттандыру сынды мәселелер бойынша жиі жүгінеді. Сонымен қатар, балаларды балабақшаға тіркеу, жол жөндеу және көшелерді жарықтандыру секілді сұрақтар да қарастырылуда.
«Орталық биылғы жылдың 11 ақпанында жұмысын бастады. Алғашқыда өтініштер тек Қонаев қаласы мен Талғар ауданы бойынша қабылданды. 1 қарашадан бастап, облыстың барлық аудандарын қамтыдық», – деді Жәнібек Серікұлы.
Оның айтуынша, орталыққа осы уақытқа дейін 12 259 өтініш түскен, оның ішінде 12 090 өтініш уақтылы орындалған. Қалған 169 өтініш құзырлы мекемелердің қарауында. Қазіргі таңда байланыс орталығына күніне 50-70 өтініш келіп түседі. Тұрғындардың мәселелері 3 күн ішінде немесе оның күрделілігіне қарай 15 күнге дейін шешіледі.

Өтініштер бірнеше байланыс құралдары арқылы қабылданады:
• Instagram: @109konaevkz
• WhatsApp: 8 771 7 109 109
• Telegram чат-бот: https://t.me/konaevhelp

Еске саламыз, «109» байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz