Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура екіжақты меморандумға қол қойды

Алматы облыстық "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен аймақтағы прокуратура өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылдады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

14.10.2022
Аймақ

Аталған маңызды құжатқа «Атамекен» ҰКП-ның Алматы облысы бойынша өкілі Қуандық Чункунов пен облыс прокуроры Берік Адамов қолы қойылды.

«2020 жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпіріндегі прокуратура мамандары кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Нәтижесінде бизнестегі проблемалар мен кедергілерді анықтау, сондай-ақ оларды шешу бойынша кешенді шаралар қабылдау жөнінде біршама жұмыстар атқарылды», — деді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Абиров.

Баспасөз қызметінің ресми ақпаратына сүйенсек, меморандум арқылы жоғарыдағы аталған іс-шаралар одан ары жандана түспек.

«Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерді қолдау үшін прокуратура мен палатаның жедел желілері іске қосылса, қазір бизнеспен айналысатындар QR код арқылы шағымдана алады. Бұл да облыстағы тың жаңалықтың бірі. Осы секілді тағы да ортақ жобалар бар. Ол туралы кейінірек ақпарат береміз», — деді Мақсат Абиров.

Айта кетейік, биыл 19 қыркүйек күні кәсібі бар адамдардың құқығын қорғайтын мобильді топ жұмыс істейтіні туралы жазғанбыз. Және бұл топ прокуратура мен «Атамекен» ҰКП-ның мамандарынан құралғанын сөз еткенбіз.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz