Республикалық байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Аталған шараның облыс көлемінде өтуіне дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы дәнекер болды.
Байқауда облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 58 оқушы өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының 8-сынып оқушысы Назерке Әденбай, Талғар ауданының 10-сынып оқушысы Айсұлу Қайрат, Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының 6-сынып оқушысы Нұргүл Қалдыбай, Кеген ауданының 4-сынып оқушысы Гүлім Сағындық республикалық кезеңге жолдама алды.





