Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы мен Алматы облысында талапқа сай емес жол-құрылыс материалдары анықталды

Алматы облысында 273, Алматы қаласы бойынша 26 стандартқа сай емес жол-құрылыс материалы анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары айтты.

20.07.2023
Аймақ

Алматы облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков облыста 792 жол-құрылыс материалдарының сынамасы сыналғанын, оның 273-і (34%) стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті.

Орталықтың зертханасына республикалық маңызды жолдардан 365, ал облыстық, аудандық және ауылдық жолдан 340 сынама алынған.

Айтуынша, бұл – соңғы жарты жылдың нәтижесі.

«Диагностиканың негізгі міндеті – жол құрылысын тексеру, бағалау. 2022 жылы, яғни былтыр 1619 км жол, биыл 699 км жол тексерілді. Жылдың аяғына дейін былтырғы көрсеткіштен асып кетеді. Сондай-ақ биылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бойынша да ведомстволық сараптама жүргізілетін болады», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы облысы бойынша филиалының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков.

Алматы қаласы бойынша ЖАСҰО мамандары 98 рет жол учаскелерін аралап тексеру жүргізген, нәтижесінде асфальтбетон қоспасын төсеу технологиясы бұзылған 46 жағдай анықталды.

Айталық, асфальтбетон жабыны тиісті қалыңдықта төселмеген, қоспаның негізі дайындалмаған, негізді тегістеу және басқа да жұмыстар дұрыс жүргізілмеген.

«Жыл басынан бері мегаполисте 14 нысан құрылыспен қамтылды, олар бойынша 41 сынама алынды, оның 26-сы ҚР Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді. Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолында анықталған олқылықты мердігер компания өз қаражаты есебінен жойды. Яғни, №4 және №7 съездің жол жабыны қайта төселді», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Асхат Үсенов.

Тегтер: алматыАлматы жастарыжол жөндеу

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz