Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасының қаржыландырылуы 3,6 млрд теңгеге артады

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Заңғар» жастар сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде айтты.

19.12.2022
Аймақ

Өздеріңізге белгілі, 2022 жылы Алматы облысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Алатау жастары» бағдарламасы іске қосылды. «Отбасы банкпен» келісе отырып, облыс көлемінде алғашқы жарнасыз 60 пәтер сатып алу мақсатында 600 млн теңге қаржы қарастырылды.

«Осы тың жобаға қатысу үшін 1374 өтінім келіп түсті. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Сол себепті, келесі жылы «Алатау жастары» бағдарламасын жүзеге асыруға қаражат көлемі 3,6 млрд. теңгеге дейін көбейтілді. Бұл қаржы 200 пәтер алуға мүмкіндік береді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ ол әлеуметтік саланың ішіндегі түрлі бағыттарды дамыту әрі жастарды қолдау үшін Алматы облысында бірқатар бағдарлама іске қосылғанын айтты. Мысалы, 2022 жылы алғаш рет жастардың бизнес, ғылым, медиа, мәдениет салаларындағы бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп, 15 грант тағайындалды.

Жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту масқатында 2500 адам «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, 382-сі грант алды.

«Ал «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясында биыл облысымызда 631 жас маманға 193 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төленсе, 319 маман тұрғын үй сатып алу үшін 1,5 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие алды. Жас мамандарды кәсіби еңбек жолына даярлауды көздейтін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына биыл 902 жас азамат қатысты», — деді облыс әкімі.

Тегтер: Алатау жастарыАлматы облысыбағдарламаҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz