Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алатау маңындағы полигондағы өртті сөндірген мамандар марапатталды

Алматы облысында Алатау қаласы маңындағы қоқыс полигонында болған ірі өртті сөндіруге қатысқан мамандарға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Құрметке өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, волонтерлер және коммуналдық қызмет мамандары ие болды. Олар бірнеше тәулік бойы аса күрделі әрі қауіпті жағдайда жұмыс атқарып, үлкен ерлік көрсетті.

Полигонда шыққан өрттің ерекшелігі — жалын тек беткі қабатта ғана емес, тереңдігі 10 метрге дейін жеткен қоқыс массасының ішінде де тұтанған. Жиналған метан газы жалынды үдете түсіп, жағдайды одан әрі қиындатты. Сонымен қатар бос әрі тұрақсыз топырақтың опырылып кету қаупі және желдің бағытының жиі өзгеруі де өрт сөндіру жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтірді.

Өрт 34 гектар аумақты шарпыған. Алғашқы сәттен-ақ облыстық және Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменттері, Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы бөлімшелері, полиция, әскери бөлімдер, әкімдіктер және коммуналдық қызмет мамандары жұмылдырылды. Кейбір күндері апат орнында 1,5 мыңға жуық адам және 500-ден астам техника үздіксіз жұмыс істеді.

Абай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Жетісу өңірінен және Шымкент қаласынан қосымша бөлімшелер көмекке келді. Ортақ күштің арқасында өрт полигон аумағынан тысқары таралмай, толықтай бақылауға алынды.

Жалынның таралуына жол бермеу үшін аумақ бірнеше учаскеге бөлініп, жыртылып, үстіне топырақ пен қиыршық тас төселді. Тереңқара өзенінен су жеткізу үшін су айдау станциялары орнатылып, ондаған өрт сөндіру құбырлары арқылы магистральді желі жүргізілді. Бұл қажетті су көлемі мен қысымды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жұмыс тәулік бойы ауысыммен, үздіксіз жүргізілді.

Барлық қатысушылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, жергілікті кәсіпорындар су, азық-түлік және арнайы киім жеткізді. Құтқарушылар үшін тамақтану және тынығу шатырлары құрылып, тәулігіне төрт мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Алматы облысы ТЖД бастығы Даурен Оразбеков мамандардың ерлікпен еңбек еткенін атап өтіп:
«Ерлік дегеніміз – апат жағдайында тапсырманы мүлтіксіз орындау. Жылу, түтін мен тұрақсыз топыраққа қарамастан, біздің қызметкерлер тактиканы үнемі өзгертіп, ошақтарды қабат-қабатпен сөндіріп отырды. Әрқайсысына шын жүректен алғыс айтамын», – деді.

Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойчубеков те қатысушылардың кәсібилігі мен жауапкершілігін жоғары бағалады.

Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов өртті сөндіруге көрші облыстар мен аудандардың айрықша қолдау көрсеткенін атап өтіп, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Бұл оқиға төтенше жағдайлар қызметі мен қоғамның бірлескен еңбегі арқылы ғана үлкен апаттың алдын алуға болатынын көрсетті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz