Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алатау лига-2025»: ауыл жастарының арманына жол ашқан жоба

Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылындағы заманауи Úshqońyr спорт кешенінде «Алатау лига-2025» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жобаның басты мақсаты – ауыл жастарын бұқаралық спортқа тарту және талантты спортшыларды қолдау. Ашылу шарасына Қонаев, Алатау қалаларынан және Алматы облысының тоғыз ауданынан келген 11 команда қатысты.

        Жобаның бастамашылары – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық спортты дамыту орталығы. Облыс әкімінің орынбасары Болат Күренбеков атап өткендей, бұл жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Соның нәтижесінде 140 спорт клубы ашылып, 13,5 мыңнан астам тұрғын жүйелі түрде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алған. Бұл көрсеткіш облыстағы спортқа тартылған халық үлесінің 39%-дан 41,4%-ға өсуіне әсер еткен.

       Ашылу салтанатын каратэ мен футбол үйірмелерінің жас спортшылары өз өнерлерімен әрледі. Ал облыстық спорт басқармасы басшысының м.а. Рахман Шахарбектің айтуынша, жобаның аясында ауылдық жерлердегі 10 мыңнан астам жас қамтылған.

«Көпшілікке қолжетімділік – шеберлікке бастар жол» қағидатына сүйене отырып, біз спортты шалғай ауылдарға жеткізуді басты назарда ұстап отырмыз. Бұл жарыстар жастардың кәсіби клубтарға жол ашуына да сеп болады», – деді ол.

Бүгінде облыста 1880-нен астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Былтыр ғана Еңбекшіқазақ пен Райымбек аудандарында жаңа спорт кешендері пайдалануға берілді.

Жоба аясында ауылдық округтерде футбол, волейбол, баскетбол және үстел теннисі секілді спорт түрлерінен әуесқой клубтар құрылды. Биылғы жарыс бағдарламасына үстел теннисі алғаш рет қосылды. Барлығы 140-тан астам клуб жұмыс істеп тұр.

«Алатау лига-2025» үш кезең бойынша өткізіледі: алғашқысы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында, екінші кезеңі – 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында, ал ақтық сын 10-25 қазан күндері өтеді. Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен және құрмет грамоталарымен қатар, жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайтын бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұл – ауыл жастарының әлеуетін ашатын, олардың арманына жол ашатын маңызды бастама.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz