Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әлеуметтік желідегі танымал имам Алматы облысының жастарымен кездесті

Имамның бірінші кездесуі Еңбекшіқазақ ауданында басталды. Ендігі жоспар – Жамбыл ауданындағы кіші буын өкілдерімен кездесу.

07.02.2023
Аймақ

Аталған басқосуды облыстық дін істер басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Алматы облыстық дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры Сағыныш Жаңабайдың айтуынша, мұндай шараны өткізудегі басты мақсат — руханият, салт-дәстүр, әдеп, көркем мінез, болашақ тақырыптарын қамту арқылы жастардың діни сауаттылығын арттыру.

Шараға келген жастар өз ойларын ортаға салып, түрлі тақырыпта толғандырған сұрақтарын қойды. Дінтанушымен еркін тілдесіп, сұхбат құрды. Көкейіндегі сауалдарға жауабын алды.

«Бұл кісінің сөздері әсерлі және де жеңіл жеткізіледі. Әр мәселенің шешімін «болмайды, болмайды» деп қатаң түрде сөйлемей, жұмсақтау айтып, жетесіне жеткізеді. Нұрлан имамның ерекшелігі – сөз арасына әзіл қосу арқылы астарлап түсіндіруі», — деді жиынға қатысқан жастың бірі Мадина Ералықызы.

Ал имамның өзі мұндай кездесуді ұйымдастыру – ел тұтқасын ұстар жастардың адал, ақ жолда жүруіне өз септігін тигізетінін айтады.

«Жастарымыздың жүректегі ішкі сезімдері, отансүйгіштігі, елге деген махаббатының мықты болуы және келешекте елдің адал азаматы болуына мұндай кездесулердің қосар үлесі көп. Игілікті көздейтін жүздесулердің бастамасы болған басшылыққа ризашылығымды білдіремін», — деді Нұрлан имам Байжігітұлы.

Кездесу екі сағатқа созылды. Басқосуға 450-ге жуық адам қатысты.

Тегтер: Алматы облысыжастармен кездесуимам

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz