Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әлеуметтік кодекстің басым бағыттары қандай? — Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі түсіндірді

Бүгін Алматы облысының орталығына іс-сапармен келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

22.12.2022
Аймақ

Вице-министр қызмет алушылармен кездесу барысында ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізіліп жатқан өгерістердің басым бағыттары туралы сөз қозғады.

«Қазіргі таңда елімізде Әлеуметтік кодекс жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Өзгерістің басым бағытының бірі — интернат-үйлерде қызмет көрсетуден бөлек, қызмет алушылар тұрғылықты мекенжайындағы шағын орталықтарда қызмет ала алатындай мүмкіндіктер қарастырылып отыр», — деді Ақмәди Сарбасов.

Вице-министрдің айтуынша, екінші бағыт — арнаулы әлеуметтік қызмет (АӘҚ) көрсетудің проактивті форматқа көшуі. Ол үшін арнайы қызметке мұқтаж азаматтардың бірыңғай әлеуметтік тіркелімі құрылады. Нәтижесінде ел аумағы бойынша қажеттілік карталары қалыптастырылып, қызметтердің қолжетімділігі айқындалады.

«Үшінші басым бағыт туралы айтар болсақ, бүгінде жалпы тарифтердің орнына арнайы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидатын енгізу көзделіп отыр. Ал Алматы облысына келсек, мұнда жағдай бірқалыпты. Дегенмен, проблема да жоқ емес. Оның бірі – жұмыссыздық. Қазір осы орталықтан шыққан кейін кәсіпорындарды аралаймыз. Содан соң облыстағы біздің министрлікке қарасты департаменттің өкілдерімен жолығамыз. Жиналыс барысында өңірдегі мәселелер талқыланатын болады», — деді орталықта тілшілерге сұхбат берген вице-министр.

Арнайы әлеуметтік мекеменің жұмысымен танысқан соң вице-министр «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС және «АЯМ» ЖШС жұмыскерлерімен кездесіп, Әлеуметтік кодексте азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының күшейтіліп жатқаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

1 of 8
- +

Анықтама: Қазіргі таңда «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 128 адам қызмет алады. Соның ішінде зейнеткерлер саны – 82, мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 46. Мұнда 108 маман қызмет етеді.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС – 2018 жылы ашылған Вьетнам-жапондық тауар-өндірістік компания. Негізінен тез дайындалатын кеспе шығарады. Қуаттылығы жылына 85 мың тонна өнім өндіруге жеткілікті.

«АЯМ» ЖШС-нің негізі 1993 жылы қаланған. Бұл кәсіпорын құрғақ таңғы ас даярлаумен айналысады. Өндірісте 189 адам қызмет етеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Ақмәди СарбасовАлматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz