Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әдеп жөніндегі кеңес деген не? Оған кімдер мүше бола алады?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - агенттік)  облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері агенттіктің алқалы органдары болып саналады.

Мөлдір Иманмади
16.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала
Фото: astanazan.kz

Фото: astanazan.kz

Ал қарапайым тілмен айтсақ, әдеп жөніндегі кеңес – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын қадағалап, «әдепсіздерді» тәртіпке салатын ұйым.

Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады.

Агенттіктің аумақтық органының басшысы лауазымы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып саналады.

Әдеп жөніндегі кеңестің құрамыда Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы мен мүшелері болады. Мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен өзге де адамдар Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері бола алады. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің саны тақ әрі кемінде 7 адамнан құралуға тиіс.

Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес 11 адамнан құралды. Олар: облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары. Жалпы кеңес құрамының 70 % қоғам өкілдерінен тұрады.

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу;

2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;

3) әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып есептеледі.

Әдеп жөніндегі кеңес негізгі міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау;

2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау;

3) қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау;

4) тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау;

5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның, Агенттіктің ұсынымдарын қарау;

7) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстық департаменттердің басшылары мен орынбасарларына, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарларына, аудандық, қалалық әкімдері аппараттарының басшыларына және аудандық, қалалық әкімдіктердің бөлімдерінің басшылары мен орынбасарларына, сондай-ақ дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарау.

Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын қатаң ұстануына, қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған заңнамамен көзделген барлық шараларды қабылдауда және бұл жалпы халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттырады және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың міндетті шарты болып есептеледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Алматы облысы

бойынша департаментінің бақылау

басқармасының басшысы                                                                                    Мадияр Болатұлы Исебаев

Тегтер: Әдеп жөніндегі кеңесБасты жаңалықтармемлекеттік қызмет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz