Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

25 қазан – Республика күніне орай Алматы облысында қандай салтанатты және мерекелік шаралар өтеді?

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Алматы облысының барлық өңірінде бірқатар салтанатты және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін, отансүйгіштік рухты көтеретін ерекше мереке болмақ.

Мөлдір Иманмади
23.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: astanazan.kz

Фото: astanazan.kz

Мерекелік күннің басты сәті – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі. Ол облыстың барлық аудан-қалаларында бір мезетте өтеді.

  • Қонаев қаласында ту көтеру рәсімі 25 қазан күні сағат 11:00-де Орталық алаңда басталады.
  • Еңбекшіқазақ ауданында шара сағат 11:15-те Есік қаласындағы Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында өтеді.
  • Талғар ауданында тұрғындар үшін сағат 11:00-де Талғар қаласының Абай көшесіндегі Жастар саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
  • Балқаш ауданында Мемлекеттік Ту сағат 11:30-да Бақанас ауылындағы «Аманат» партиясы алаңында көтеріледі.
  • Райымбек ауданында рәсім сағат 11:30-да Нарынқол ауылындағы аудан әкімдігі алаңында өтеді.
  • Жамбыл ауданында Ту көтеру салтанаты сағат 11:30-да Жамбыл ауылының орталық алаңында жоспарланған.
  • Ұйғыр ауданында шара сағат 11:00-де Шонжы ауылындағы Әл-Фараби көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені алаңында өтеді.
  • Іле ауданында тұрғындар сағат 11:00-де Өтеген батыр ауылындағы Ту тұғыры алаңында жиналады.
  • Қарасай ауданында Ту көтеру рәсімі сағат 11:30-да Шамалған ауылындағы Ту тұғыры алаңында ұйымдастырылады.

Сонымен қатар мереке аясында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді.

Алатау қаласында Республика күні құрметіне арналған «Алтын тай» бәйгесі 25 қазан күні сағат 12:00-де Жетіген шағынауданындағы атшабарда өтеді.

Кеген ауданында мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 24 қазан күні сағат 11:00-де, ал келесі күні 25 қазан сағат 11:00-де орталық алаңда Ту көтеру рәсімі өтеді.

Барлық аудандар мен қалаларда өтетін бұл шараларға тұрғындар мен қонақтар еркін қатысып, Республика күніне арналған ортақ мерекелік көңіл күйді бірге сезіне алады.

Тегтер: 25 қазанАлматы облысыБасты жаңалықтарРеспублика күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz