Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2025 жылы тегін 10 сотық жер берілетіні туралы ақпарат жалған тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған «2025 жылы азаматтарға тегін 10 сотық жер учаскесі беріледі» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазіргі таңда облыста бақша массивтерін елді мекен жерлеріне қосу және олардың нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) немесе жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) ретінде өзгерту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы жалпы ауданы 123 гектарды құрайтын 23 бақша массивін елді мекен құрамына енгізу жоспарланып отыр.

Мұндай интеграциядан кейін бос жер учаскелері пайда болған жағдайда ғана олар тұрғындарға белгіленген кезек тәртібімен беріледі.

2025 жылға қарай Алматы облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу кезегінде тұрған азаматтардың саны шамамен 1 284 488 адамға жеткен. Алайда 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда ЖТҚ үшін бос және дайындалған учаскелер жоқ, сондықтан биыл жер беру жоспарланбаған.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2023 жылы облыста бар болғаны 4 300 жер учаскесі ғана берілген. Бұл кезекте тұрғандардың жалпы санының 0,4%-ын ғана құрайды.

Жер телімдерін беру процесі бос алаңдар дайын болған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұл – жер ресурстарының шектеулі болуымен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

Осыған байланысты, азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз. Жер беру жұмыстары заң аясында және нақты техникалық мүмкіндіктерге сай жүргізіледі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz