Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатында Қазақстан Республикасының Алматы облысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Бағлан Каргулов мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
29.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: malim.kz

Фото: malim.kz

Ауыл шаруашылығы санағы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасы және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысы негізінде өткізіледі. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы елімізде кемінде он жылда бір рет ұйымдастырылады. Соңғы рет ауқымды шара 2006–2007 жылдары жүзеге асқан болатын.

Ауыл шаруашылығы санағы – аграрлық саланың нақты жағдайын кешенді бағалауға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер туралы толыққанды деректер жинауға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды статистикалық науқан. Санақ нәтижесінде саладағы әрбір субъектінің әлеуеті мен рөлі туралы толық әрі объективті ақпарат алынады, — деді Бағлан Каргулов.

Санаққа ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын барлық субъектілер тартылады:
• шаруа және фермер қожалықтары;
• ауыл шаруашылығы кәсіпорындары;
• жеке қосалқы шаруашылықтар.

Санақ объектілері ретінде жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары, техника мен жабдықтар, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, өнім сақтау құрылыстары тіркеледі.

Бағлан Каргуловтың айтуынша, мәліметтерді жинау екі әдіспен жүргізіледі:
1. Онлайн толтыру: 2025 жылғы 1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz веб-платформасында респонденттер сауалнамаларды өздері толтыра алады.
2. Жеке сұхбат: 2025 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер планшет арқылы санақ парақтарын толтырады.

— 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы алғаш рет толықтай цифрлық форматта өтеді. Планшеттік құрылғылар мен арнайы мобильді қосымшалар деректерді жинау, өңдеу және жіберу процесін автоматтандырады Санақтан өткен респонденттерге SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы қатысқаны жөнінде растау жолданады. Интервьюерлер арқылы қатысқан азаматтарға арнайы анықтамалар беріледі, — деп атап өтті Бағлан Каргулов.

Айта кетейік, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп бекітілген медиа-жоспар туралы да айтылды. Жоспарға БАҚ-та ақпарат жариялау, үгіттік бейнематериалдар әзірлеу, плакаттар орналастыру, телеарналарда түсіндіру жұмыстары жүргізу секілді шаралар кіреді.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыАуыл шаруашылығы санағыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz