Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2023 жылы Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді? – мамандар түсіндірді

Бүгін Алматы облысының орталығында ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы талқыланған конференция өтті. Бұл шараны облыстық «Атамекен» ҰКП ұйымдастырды.

17.02.2023
Аймақ

Мамандардың айтуынша, биыл дивидендтерге салынатын салыққа өзгеріс енгізілді. Мысалы, жеке тұлға 30 000 АЕК көлемінен аз дивиденд алған болса, одан кіріс салығы алынбайды.

Бұдан бөлек, мамандар кәсіпкерлердің көп уақыттан бері түйіткілді мәселесіне айналған тауарға ілеспе жүкқұжатты рәсімдеу процессі өз күшінде қалғанын айтты.

«Кәсіпкерлер ұзақ уақыт бойы тауарға ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) рәсімдеуді қолданыстан шығару үшін күресті. Дегенмен, бұл процесс өз күшінде қалды. Неге десеңіз, ТІЖ – электронды құжат. Қазақстанда цифрландыру саласы дамып келе жатқандықтан құжатты қолданыстан алып тастау мүмкін емес. Алайда, құжатты алу процессі біршама жеңілдетілді. Импорт пен экспортқа шығатын тауарларды реттеп отыратын да осы құжат екенін айта кеткен жөн», – деді ҚР аудиторы, салық заңнамасын түсіндірген маман Тюлекпаева Татьяна.

Жиында мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) шағын және орта бизнес өкілдеріне жүргізетін тексерісі туралы Шахизат Жайлаубаева айтты. МКД-не қарасты аудит басқармасының бас маманының мәліметіне сүйенсек, кәсіпкерлердің құжаттарына тексеріс жасауға елімізде мораторий жарияланғанымен, кез келген салық төлеуші тұлғаның жұмысына талдау жасалатын кездер болады.

«Тексеріс бағыттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: толыққанды, белгілі бір тақырыпқа арналған, мерзімдерге байланысты. Толыққанды тексерісте барлық салық түріне қатысты заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіледі. Ал мерзімдерге байланысты тексерісте кіріс пен шығыс сомалары талданады», — деді Шахизат Жайлаубаева.

Тегтер: Алматы облысыАтамекенСалық кодексі

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz